AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 9 жасар бала әжесін құтқарамын деп пышақ жарақатын алды: Оқиғаның мән-жайы

Алматы облысында қандықол қылмыскер көрші кемпір мен оның тоғыз жастағы немересін пышақтап тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Қайғылы жағдай Космос ауылының тұрғындарын есеңгіретіп тастаған. Ер адам мұнда төрт жыл бұрын көрші әйелмен отасып, бірге тұруға келген екен. Әуел баста оның түрмеге отырып шыққанын естігенімен, жылы шырай танытып, амандасып жүргенін көрген соң бір қателік жасаған шығар деп қабылдапты. Ал ол болса жарты жылдан бері арақ ішіп, мінезін көрсете бастапты.

"Мен әйеліне күйеуінің ісі жақсылыққа әкелмейтінін, сондықтан онымен ажырасып, құтылу керектігін айттым. Бірақ ол созып жүріп алды. Қайғылы жағдайдан 4 күн бұрын менің анам мен әлгі еркектің арасында ауладағы ит үшін жанжал болған. Сол уақытта да кетсін дегенмін. Енді, міне, соңы осылай аяқталып отыр", – дейді марқұмның қызы Тахмина Саталкина. 

Ер адам мен қарияның үйінің арасын қабырға ғана бөліп тұр. Сол күні қарызға ақша сұрап келіп, жоқ деген жауаптан кейін, қаскөй өзінің арам пиғылын жасау үшін қарияның үйіне қайта оралған.

Келген бойда қарияның басынан балтамен ұрып, сосын пышақтаған. Сол уақытта үйдің ішіндегі 9 жастағы Алексей көмекке келіп, әжесін құтқармақ болыпты. Алайда ер адам оған да пышақ ала жүгірген. Қашып сыртқа шыққан жеткіншек бірден көршілерін көмекке шақырыпты.



"Көмектесіңдер, көмектесіңдер деп, сол жерден жүгіріп көршілерді айғайлап шақырды. Жедел жәрдем шақырып, баланың жарақатына орамал басып тұрдық. Он минуттан кейін есімізді жиып, қарасақ баланың әжесі жоқ. Әжесін іздеп едік, бір көршіміз үйде қанталап жатқанын айтты. Біз келген кезде ол кісі тірі емес еді”, – дейді ауыл тұрғыны Назгүл Молдабаева. 

Көршілері 53 жастағы қаскөй мұны әдейі істеді деп есептейді. Өйткені қылмыстың алдында балтасы мен пышағын қайратқан екен. Әркімге бір жалданып жұмыс істеген ол, соңғы уақытта есірткіге тәуелді болып қалған көрінеді. Оны сатып алатын қаражаты болмағасын, соңы осылай болды деп отыр. Ал жарақат алған жеткіншек қазір Есік қаласының ауруханасында.

"Ота жасау барысында өкпенің оң жақ төменгі бөлігінің зақымдалуы және диафрагманың зақымдануы, бауырдың және оң жақ бүйректің зақымдануы анықталды. Ішкі қан кетулер жедел түрде тоқтатылып ота сәтті түрде аяқталды. Науқас екі күн бойы жансақтау бөлімінде емін жалғастырды", – дейді Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының хирургі Серік Бекқабылов. 

Қазіргі уақытта бала хирургия бөліміне ауыстырылған. Жағдайы бірқалыпты. Ал марқұмның қызының айтуынша, мұндай сұмдыққа барған қаскүнем бұған дейін өзінің туған анасын өлтіріп, түрмеде отырып келіпті. Ауылдастары бұл жайлы қайғылы жағдайдан кейін ғана білген. Күдікті қолға түсіп, тергеу жүруде.

"Ер адам бұрын әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Кісі өлтіру дерегі бойынша ҚР ҚК 99-бабы, және кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігінің 24-бапты қолдану арқылы қылмыстық іс қозғалды", – деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қайғылы жағдай жайлы әлеуметтік желіден білген жұрт жаппай қаражат жиып, баланың еміне берген. Ата-анасы енді Алексейді ақылы бөлімге ауыстырып қолдан келгеннің барлығын жасаймыз деп отыр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр