Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сегіз айлық нәресте аман: Алматы облысында кесарь тілігімен босанған ана көз жұмды

Алматы облысында кесір тілігімен босанған келіншек көз жұмды. Құрсағындағы баласына 8 айлық болғанда әйел өзін жайсыз сезініп, Текелі қаласындағы перзентханаға жедел-жәрдеммен жеткізілген екен. Дәрігерлер шақалақты аман алып қалғанымен, анасының ертесі күні демі үзілген.

Алматы облысында кесарь тілігімен босанған ана көз жұмды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ал, марқұмның ата-анасы болса бұған дәрігерлерді кінәлауда. Ақ халаттылардың уәжі қандай? 

Жас келіншекті ай-күні жетпей босандыруға не себеп болды? 

"Шопатайым-ау, құлыным-ау. Құдайым-ау, бір емес, артында екі баласы қалды ғой. Бүйрегі отказ берді дейді. Жап-жас қой, қалай оның бүйрегі отказ береді? Егер ол, ешқашан ауырмаса, бүйрегімен ешқайда есепте тұрмаса", - деді марқұмның анасы Гүлбану Мұхамеджанова. 

"Қапыда қызынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан отбасы әлі есін жия алар емес. Шолпан Мұқанованың босануға ай-күні де жетпепті. Іштегі сәбиіне 8 ай болған екен. Тек, 14 қаңтар күні сәл ауырыңқырап тұрғандықтан, жедел жәрдем шақырған едік", - дейді анасы.

"Үйден кеткенде қызым сап-сау, 130 қысыммен сөйлеп, аман-есен кеткен болатын. 8:40-та больницаға екеуміз бірге кірдік. Мен бірге кірдім. Одан кейін мені ары қарай кіргізбей қойды. Кеш батқан кезде ғана айтты. Осылай аяқасты қан қысымы көтеріліп кетті. Біз шұғыл операция жасадық. Қызымды аяғында өлтірді. Мен осы Текелі қаласының ғана дәрігерлерін кінәлаймын", - деді.

Ал, дәрігерлердің айтуынша, бала жолдасының толық ажырауына байланысты шұғыл түрде кесер тілігін жасауға тура келген. Осылайша, нәрестені іштен аман алып шыққан. Алайда, отадан кейін анасының жағдайы күрт нашарлаған көрінеді.

"Біз бәріміз аман алып қалуға тырыстық. Бұл біздің басты  міндетіміз. Мұндай потологиямен облыстық перинаталдық орталыққа жіберу керекпіз. Бірақ, ана мен бала өміріне қауіп төнгендіктен, шұғыл әрекет етуге тура келді. Ал, келіншектің жағдайы қиындаған соң, облыстан мамандар шақырттық. Дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасады. Келесі күні гемодиализ аппаратына жатқызу үшін Талдықорғандағы облыстық ауруханаға жібердік", - деді Текелі қалалық ауруханасының директоры Елена Целищева. 

Облыстық ауруханаға жеткізгенімен, жас келіншектің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қазір бұл жағдай бойынша, арнайы комиссия құрылып, жан-жақты тексеру жүріп жатқан көрінеді. Марқұмның ата-анасы қорытынды шешімді күтіп отыр. Кінәлілер анықталса, қатаң жазалауды талап етпекші.

"Енді осындай жағдайды басқа біреулердің басына бермесін деп, бұл істі адвокатқа беріп отырмыз. Кінәлілердің жазалануын талап етеміз", - деді марқұмның әкесі Айдар Әлибеков. 

Осылайша, дүние есігін ашпай жатып, жетім қалған нәрестені бірер күнде перзентханадан шығармақ. Ал, үлкен ұлы болса, анасы мен інісінің жолдарын тосып жүр.

Талқылау