Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қатаң карантин екі аптаға ұзартылды

Алматы облысында аймақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Шарапиевтің қаулысымен қатаң карантиндік шаралар екі аптаға ұзартылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы облысында карантин және Алматы облысының аумағында қатаң шектеу шаралары 2020 жылғы 03 тамыз сағат 00:00-ден 2020 жылғы 17 тамыз сағат 00:00-ге дейін жалғастырылсын. Карантин режимі мен мерзімі коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін", - делінген қаулы мәтінінде.

Жергілікті билік органдарына қызметін тоқтата тұру туралы нұсқау берілді:

1. (Мейрамханалар, кофеханалар, кафелер, банкет залдары, фудкорттар, асханалар, донерлер, барлар), сондай-ақ ашық ауадағы жазғы алаңдар.

2. Автовокзалдар, елді мекендер ішіндегі қоғамдық көлік.

3. Онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, жабық азық-түлік және барлық азық-түлік емес базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда желілері, олардағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды, азық-түлік емес дүкендерді қоспағанда.

4. Мәдениет объектілері, соның ішінде мұражайлар, театрлар, мәдениет үйлері.

5. Фитнес объектілері, тренажер залдары және спорт кешендері (үйірмелер, секциялар), спорт объектілері

6. Монша, сауна, СПА, массаж орталықтары.

7. Саябақтар, алаңдар, бассейндер, аквапарктер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ыстық бұлақтар.

8. Сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр қызметтері.

9. Діни нысандар.

10. Білім беру орталықтарын, үйірмелерді, артклубтарды, балалардың демалыс және қосымша білім беру орындары, балалардың түзету бөлмелері, меншіктің барлық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар, балаларды сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерді, балаларға арналған күндізгі әлеуметтік оңалту орталықтарын.

11. Кинотеатрлар, көрмелер, интернет және компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, кальян, ойын-сауық объектілері (букмекерлік кеңселер, бильярд, караоке, ps-клубтар, квесттер, антикафе, боулинг орталықтары, лото-клубтар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар).

Сондай-ақ, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, елді мекендер ішінде үш адамнан астам топтың жүруіне тыйым салу, кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүріп-тұруына, 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу ұзартылады.

Ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, отбасылық және еске алу іс-шараларды, сондай-ақ спорттық іс-шараларды жабық үй-жайларда өткізуге тыйым салынады.

Қорғаныс бетперделерін кию міндетті:

1. Барлық адамдар үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және басқалар), сондай-ақ қоғамдық көлікте және ашық ауада болған кезде.

2. Коронавирустық инфекцияға ұқсас аурудың белгілері бар адамдар (безгегі, жөтел, түшкіру).

STAN.KZ
Дүйсенбі, 03 Тамыз, 2020 06:24
Талқылау