Алматы облысында қаскөй такси жүргізушісін 37 жерінен пышақтап өлтірген
Алматы облысы Талғар ауданының полиция басқармасы Кеңдала ауылының шетінен 37 жерден пышақталған ер адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәйіттен 1 200 метр қашықтан марқұмның көлігі табылды. Ол жолаушы тасымалымен шұғылданған.
"Қылмыскер қылмысты алдын ала егжей-тегжейлі ұйымдастырған. Бір реттік абоненттік нөмір, ұялы телефон және сапалы қарумен пайдаланған. Қылмыс жасауға болатын және ол жерден кете алатын орынды білген", – делінген полиция хабарламасында.
Бір аптадан кейін Алматыда такси жүргізушісін өлтірген күдікті ұсталды.
"Заттар айғақтар негізінде күдікті Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қылмыс кезінде киген қан іздері бар киім бәкі тәркіленді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне қарай жария етуге жатпайды", – деп қосты полицейлер.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы