Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Полиция төрт рет қастандық жасалса да елемеді": Алматы облысында кәсіпкердің өлімінен кейін халық бас көтерді

Алматы облысы Ащысай елді-мекенінде кісі өлтіргендер әлі ұсталған жоқ. Облыстық полиция- жедел шаралар жүріп жатқанын хабарлады. Жергілікті тұрғынды- өткен сенбі күні өз үйінде белгісіз біреу пышақтап кеткен. Ішінен жарақат алған ер адам Шелек ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Алайда оның өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ащысай

Жанжалға не себеп болғанын полиция анықтайды. Тәртіп сақшылары бұл төтенше жағдай туралы жалған қауесеттерді таратпауға және тек ресми органдарға сенуге шақырады. Құзырлы мамандар жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік барын ескертті.

 Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодестің 99-шы бабы 1-ші бөлігімен, яғни "Адам өлтіру" бабымен іс қозғалған. Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Жағдай жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бақылауында. 

"Ащысай қаласының кәсіпкері Ахметовті бұған дейін өлтірмек болғанын атап өткім келеді. 2018 жылдың қаңтарында ол біздің арнаға оған оқ атқанын хабарлады, кейінірек көліктің астына жарылғыш зат қойылғанын айтты. Содан кейін кәсіпкердің жүргізушісі зардап шекті. "Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы облысының полиция департаментінде.

Қаскөйлердің бірнеше рет зұлым әрекеті байқалса да, бірінен соң бірі қайталанған қылмыстың неге ашылмағандығына наразы жұрт, әділдік сұрап мемлекеттік мекеменің маңына жиналған. Бұған дейін үрейленсек те үндемедік дегендер бұл жолы аққа қарамен жазылғандай бәрі анық әрі әділ болуын талап етуде. Өйткені төрт рет қастандықтан аман қалған Нұрлан Ахметовты бұл жолы үйінің маңайында пышақтап кеткен. Қансыраған ол ауруханада көз жұмған.

"Болған оқиғасы сол түн ішінде бір дауыс естіледі. Бала-шағасымен үйінде екен. Жарылыс дауыс дей ме, хлопушка дей ме, әйтеуір бірдеңке естілген ғой. Содан кейін секем алған да бала-шағаларына үйден шықпаңдар деп жүгіріп далаға шығып кеткен, сол кезде пышақтап кеткен", - деді Ащысай ауылының тұрғыны Асыбек Сүлейменов. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 17 Тамыз, 2020 20:56
Талқылау