Қамыстан қағаз өндіреді: Қытайлықтар Алматы облысында тағы бір зауыт салмақ
Фото: depositphotos.com
Алматы облысында қамыстан қағаз өндіретін зауыт ашылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабаралайды.
Жоба іске асса, Балқаш ауданына көптеген қиындық тудырып келген бұл өсімдік пайдалы шикізатқа айналады.
Өңірдегі қараусыз қалған жерлер мен жағалау маңындағы аумақта қамыс қаптап кеткен. Ол бірнеше рет өртеніп, ірі өрттердің негізгі көзіне айналған. Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, қамыс тез тұтанады, ал оны сөндіру оңай емес. Мұндай өсімдіктің жанында өмір сүру тек жергілікті жануарлар әлемі үшін ғана емес, аудан тұрғындары үшін де қауіпті болып бара жатқан көрінеді.
Алматы облысының әкімінің қытайлық Sichuan Dingshang Leishi Supply Chain Management Co., Ltd. компаниясының инвесторларымен кездесуі барысында өңірде қамыстан қағаз өндіретін зауыт ашу ұсынылды. Аталмыш кәсіпорын жыл сайын шамамен 200 мың тонна қамысты өңдеп, 140 мың тонна өнім шығара алады деп жоспарланған.
Қытай Қазақстанға еш зиян келтірмейді – Тоқаев
Сыртқы істер министрлігі Қытайға жер беру туралы ақпараттарға қатысты мәлімдеме жасады
"Бұл жобаны біз жасыл экономиканың маңызды бөлігі ретінде қарастырып отырмыз. Ол экологиялық тиімділік, индустриялық даму және халықты жұмыспен қамту мәселелерін өзара ұштастырады, – деді облыс әкімі.
Жоба авторларының бірі, BC Lengthy Life компаниясының бас директоры Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бұған дейін қауіпті саналып келген қамыс енді тиімді ресурсқа айналуы мүмкін. Кәсіпкер қамысты төрт жылдан бері шетелге экспорттап келеді екен. Айтуынша, қамыс Еуропа елдерінде жоғары сұранысқа ие.
Еске салсақ, бұған дейін қытайлық компания Алматыда қоқысты қайта өңдейтін зауыт салатыны туралы жазған едік.

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
