Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікті ұсталды
Алматы облысының полицейлері кәмелетке толмаған қызға қатысты сексуалдық қылмыс жасады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ресми мәлімет бойынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үстіміздегі жылдың 13 сәуірінде Алматы облысы Ұйғыр ауданының полициясына жергілікті тұрғын қызының зорланғанын айтып, арызданған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының негізінде тіркелді.
"Осы фактіні тергеу аясында бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тараптардың уәждері мән-жайды зерделеудің жан-жақтылығы, толықтығы мен объективтілігі тексерілуде", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, сондай-ақ тергеу мүддесі үшін істің мән-жайы жария етілуге жатпайды.
Айта кетейік, Алматы облысында да 2-сынып оқушысын зорлау дерегі тексеріліп жатыр. 29 наурызда болған оқиға туралы ақпарат бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданы Қасымбек ауылының жұртшылығы өтініш білдірген NeMolchi.kz қорында жарияланған болатын. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жантүршігерлік оқиға ағымдағы жылдың 23 наурызында жергілікті мектепте болған.