Алматы облысында қалтасына бір миллион теңге басқан шенді ұсталды
Алматы облысында әскери полицияның басшысы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Дәрежелі шен иесіне миллион теңге көлемінде пара алды деген айып тағылды. Тергеу ісі бойынша, оған бұл ақшаны жергілікті тұрғын өзін жұмысқа орналастыру және басшының алдағы уақытта қолдаушылығын алу үшін беріпті.
Полиция бөлімінің басшысының қалтасының белгіленген бар бес, он және жиырма мыңдық теңгелік қағаз ақшалар табылған. Жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу амалдарын бастап кетіпті. Айыпталушының аты әлі аталмаған көрінеді. Дегенмен азамат өз кінәсін толығымен мойындап, іс барысын тездетуді қалапты. Бұған қоса шенді түрмеге қамалмапты.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн