Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен отбасы табылды

Алматы облысында жоғалған кеткен мылқау жандар отбасы табылды, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Бәрі мылқау жандар: Алматы облысында 5 адамдан тұратын бір отбасы із-түзсіз жоғалып кетті

"Отбасы туыстарына байланысқа шықты. Барлығы жақсы, ойдағыдай. Басқа ақпаратты оқиғаның мән-жайын тексергеннен кейін хабарлаймыз", - деді полиция өкілдері. 

Айта кетсек, 5 адамдан тұратын отбасын іздеу туралы ақпаратты қоғам белсендісі Ислам Угушев Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған болатын. Ол 41 жастағы Андрей мен 39 жастағы Наталья Чурулиндер жоғалып кеткенін жазған. Олармен бірге үш баласы - Ангелина (12 жаста), Давид (9 жаста) және Даниил (7 жаста) де табылмаған. Отбасы 4 тамыздан бері байланысқа шықпаған. 

Талқылау