Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ірі жол апаты болып, 18 көлік соқтығысты (видео)

15 қаңтарда таңертең Алматы-Өскемен тасжолының 28-шақырымында (Алматы-Қонаев бағыты) жол-көлік оқиғасы болып, 18 көлік соқтығысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

"ҚазАвтоЖол" компаниясының мәліметіне сенсек, апат қалың тұман cалдарынан болған. Оқиға таңғы сағат 07:30 шамасында Алматы-Өскемен тасжолының 28-шақырымында (Алматы-Қонаев бағыты) болды.

Апаттың себебі – жүргізушілердің жылдамдық режимін және шектеулі көріну жағдайында қауіпсіз қашықтықты сақтамауы. Оқиға болған жол ІА (жолдың ең жоғары санаты) техникалық санатына жатады және алты қозғалыс жолағы бар. Жолдың жүретін бөлігі құрғақ, ақаусыз және бөгде заттарсыз болған.

Жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бір жолаушы жеңіл дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жол қозғалысына қатысушыларға полиция сақтық шараларын қатаң сақтау қажет екенін ескертті.



 

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысындағы тас жолда болған ірі жол апатында 95 көлік соқтығысып, он бір адам ауруханаға түскені туралы жазған едік. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 70-тен астам адам жылыту орталықтарына жеткізіліп, азық-түлікпен қамтамасыз етілген.

Талқылау