Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер азамат сырғанақтан сырғанаймын деп мерт болды

30 жастағы Талдықорған тұрғыны сырғанақтан сырғанамақшы болып ауыр жарақаттар алған, артынша көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

каток

Аталған іс бойынша тергеу ісі басталып кетіпті. 

Оқиға туралы мәлімет әлеуметтік желіде жарияланған. 

"24 қаңтар жұма күні Текеліге жақын шаңғы тебу базасында біздің бауырымыз көз жұмды. Ер адам баллоннан ұшып кеткен, салдарынан омыртқасы үш жерінен сынған. Соның салдарынан ауруханаға жетпей жан тапсырды", - деп жазылған әлеуметтік желідегі жазбада. 

Алматы облысының ПД қызметкерлері айтылған жайтты растап отыр. 

"Айтылған іс бойынша арнайы сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 306 бабы 3 бөлімі "Қауіпсіздік шарттарына қайшы қызмет көрсету немесе тауарларды сату" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ер азаматтың өліміне қатысты мән-жайлардың барлығы анықталады", - деді Алматы облысының ПД қызметкерлері. 

Жоғарыда көрсетілген бап бойынша кінәлілер төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

.



 

Талқылау