Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адам жездесін өлтіріп қойды

ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз өткен тәулікте болған қылмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қылмыс

Оның айтуынша, елімізде бірнеше қылмыс жасалған. Алматы облысындағы Талғар ауданының Кеңдала кентінде дене жарақатын алған ер адам ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оны аман алып қала алмаған. 

"Қайтыс болған ер адам мас күйінде жұбайына ұрына бастаған кезде қауқарсыз әйел көмекке өз інісін шақырған. Балдызын көрген жездесі одан сайын арқаланып, қолындағы пышағын сермей бастаған көрінеді. Оны тыныштындыруға тырысқан балдызы амалсыз соққы жасағанын айтып отыр. Жәбірленуші жерге құлап, басынан қатты жарақат алса керек. Оның үстіне соққы жасаған азамат кезінде бокспен айналысқан екен", - дейді Ораз.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен.

Ал Өскеменде бұрын сотты болған ер адам мас күйінде жекеменшік үйге кіріп, иесін пышақпен қорқытқан. Сөйтіп зергерлік бұйымдар мен бағалы заттарды ұрлап кеткен.

"Қаскүнем жәбірленушінің жеңіл автокөлігін де айдап кетпекші болыпты. Алайда ойы жүзеге аспады. Ол көлікті басқара алмай, жолда аударылған. Полиция күдіктіні ұстап, уақытқа ұстау абақтысына қамады", - деді Нұрділдә Ораз.

Талқылау