Алматы облысында ер адам полиция қызметкеріне алабай итімен шабуылдаған
Талғар ауданында отбасылық жанжал шығып, полиция шақырылған. Ішімдікке мас үй иесі патрульдік полиция қызметкерін итіне талатпақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тәртіп сақшысы Тереңқара ауылындағы отбасылық жанжал туралы қоңырауға барған. Жеке үйдің ауласында ит тәртіп сақшысына шабуыл жасады.
"Полиция қызметкері "Құқық қорғау қызметі туралы" заңға сәйкес әрекет етіп, қызметтік қаруынан өзіне шабуыл жасаған итке оқ атқан", - деп хабарлады полициядағылар.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі "Билік өкіліне күш қолдану" бойынша ҚР ҚК-не тіркелді.
45 жастағы ит иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”