Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны темір құралмен ұрып өлтірмек болған (видео)

Алматы облысы Қарасай ауданында ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны темір құралмен және балғамен ұрып өлтірмек болған. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Салдарынан жәбірленушінің басы бірнеше жерден тігілген, қолдары сынған. Әйелді әріптестері аман алып қалды. Артынша ер адам әйел жұмыс істейтін мектепке барып, баласына зиян келтірмек болған. Бірақ мектеп директоры ер адамды мектеп ғимаратына кіргізбеген.

Алматы облысының полиция департаменті болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, соттың санкциясымен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде заңды шешім қабылдана отырып, мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті тексеру үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданады. Тергеу барысы бақылауда. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жария етілмейді", – делінген хабарламада.\

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда ер адам бұрынғы сүйіктісін көшеде соққыға жыққаны айтылды.

Талқылау