Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында "Ең сұлу қой" байқауы өтпек

Алматы облысында ең сұлу қойды таңдамақ. Аймақтың барлық фермерлері байқауға өз жануарын қатыстыра алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Байқау туралы ақпарат "Вечерний Талдықорған" газетінде пайда болған. Ал хабарландырудың видеосын ztb_video паблигі жариялады.

Онда "Қой – 2022" байқауына жануарды қатыстыру үшін иесі 10 мың теңге көлемінде міндетті төлемақы төлеу керектігі айтылған. Жалпы жүлдеқоры ең әдемі қойдың иесіне табысталады. 



Ал ең тартымды жануарды қазылар алқасы анықтайды. Байқаудың финалы шілде айында болады деп жоспарлануда.
Желі қолданушылары бұл хабарламаға қатты таңданды. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 30 Наурыз, 2022 13:26
Талқылау