Алматы облысында ауданының экс-әкімі қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінді
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының бұрынғы әкімі мен әкімінің орынбасары қалалық әуежай маңындағы учаскелерді сатқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің хабарлауынша, іс бойынша күдіктілер қатарында "Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің бұрынғы бас маманы да бар.
"2015-2019 жылдар аралығында Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімінің басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында Талғар ауданы Қызылту ауылы мен Алматы әуежайының маңында мемлекеттік қордан алдын ала заңсыз алып қою арқылы әлеуетті сатып алушылардың пайдасына жалпы ауданы 12,733 гектар болатын тұрғын үй нысандарын салу үшін 191 жер телімі сатылды. Осылайша, олар мемлекеттің қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірді", - деді ведомство өкілдері.
Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.
Бұған дейін Маңғыстауда әкімдік қызметкерлері өздеріне 18 миллион теңге сыйақы аударып алғаны хабарларған.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
