Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында екі жасөспірім селфи жасамақ болып көз жұмды

Смартфонның камерасымен селфи жасау әрекеті тағы да қайғыға айналды. Алматы облысында жасөспірімдер суретке түсеміз деп көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

20 тамыз күні сағат 19-19-да Алматы облысы Алакөл ауданы Бескөл ауылында ауылдан 1 шақырым жерде орналасқан балық зауытының жанында жеке ғимаратта суретке түсіру кезінде 2004 және 2005 жылы туған екі жас көз жұмды. 2004 жылғы үшінші жас жігіт оң аяғы сынып, Үшарал қаласындағы орталық ауруханаға жатқызылды.

Құтқарушылар оқиға орнына келген бойда 1991 жылдан бері жұмыс істемей тұрған 2 қабатты ғимараттың ішінде жастарды бетон плитасы басып қалғаны анықталды.


Ақтөбеде селфиге түсіп тұрған қызды пойыз басып кетті 

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге Алматы облысының ТЖД - 7 құтқарушы мен 3 бірлік техника, ЖМЖА - 3 қызметкер мен 1 бірлік техника, ЖАО-4 қызметкер мен 2 бірлік техника ("Бағалы - Алакөл" ЖШС-нен 2 кран) шықты", - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алматы облысы ТЖД селфи өткізу кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр