Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында демалыс күні локдаун енгізілді

Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланды. Аймақта коронавирус жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты карантиндік шараларды күшейтуге, оның ішінде локдаун енгізуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 11 күн ішінде Талдықорғанда коронавируспен 135 адам, Көксу ауданында - 62, Ескелді ауданында - 41 адам ауырған. Талдықорған "қызыл "аймақта, қалған 2 аудан "сары" аймақта орналасқан.

Дәл осы аудандарда 13 қаңтардан бастап демалыс күндері локдаун енгізіледі.

"Мейрамханалардың, кафелердің (алып кету және жеткізу – шектеусіз), сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, жабық базарлардың - азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, сауналардың, спа, спорттық-сауықтыру орталықтарының, мұз айдындарының және т.б. жұмысы тоқтатылады.

Азық-түлік базарлары, дәріханалар, сұлулық салондары, құрғақ тазалау қызметі жұмысын жалғастырады.

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты аталған өңірлердегі мектептерде онлайн оқыту осы жылдың 21 қаңтарына дейін ұзартылды", - делінген локдаун туралы хабарламада.

12 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирусты 7 730 адам жұқтырған. 2020 жылдың қазанынан бастап CVI жағдайларын тіркеу 7,5 есеге өсті: қыркүйекте - 74 жағдай, қазан айында - 184, қарашада - 591; желтоқсанда - 1386 жағдай.

STAN.KZ
Сейсенбі, 12 Қаңтар, 2021 13:56
Талқылау