Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға кезекте тұрған көпшіліктің видеосы тарады

Алматы облысында COVID-19-ға қарсы вакцинациялау кезегіндегі адамдардың көптігі видеоға түсіріп желіде тарады. Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігінде жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Instagram-да вакцинацияға кезекте тұрған көпшіліктің суреті тарап кетті. Әкімдік фотосурет 31 наурызда Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасында түсірілгенін растады. Адамдар covid-19 коронавирусына қарсы вакцинацияға келді, деп түсіндірді баспасөз қызметі.

"Бұл жағдай білім беру қызметкерлерін вакцинациялауға байланысты қалыптасты. Қазіргі уақытта барлық ұйымдастырушылық мәселелер реттелді, вакцинация штаттық режимде жүргізілуде.

ЕМБ-да КВЭ-ге қарсы вакцинацияның басталғаны хабарланған сәттен бастап мұндай жағай алғаш рет болғанын атап өткіміз келеді. Қазіргі уақытта барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, 800 - ден астам адам егілді", - деп хабарлады Еңбекшіқазақ ауданының баспасөз қызметі. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 31 Наурыз, 2021 16:15
Талқылау