Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бокс бапкері 16 жастағы оқушыға қол көтеріп, мұрнын сындырды

Алматы облысында бокс бапкері 16 жастағы оқушыға қол көтерді. Полиция дерегінше, оқыс оқиға Еңбекшіқазақ ауданында 1 апта бұрын болды. 

Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 1 апта бұрын болғанымен көпшілікке енді ғана жария болды. Оқушыға қол көтерген бапкер қазір қамауда. 

"Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды. Аталған факт бойынша "орта деңгейдегі қасақана денсаулыққа зақым келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу аясында анық-қанық жағдайлар анықталуда", - деді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Облыстық аурухана дәрігерлері жәбірленушінің денсаулығына қауіп төніп тұрмағанын айтты. Ал бапкердің кінәсі дәлелденсе, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Маңғыстауда желтоқсан айында волейбол жаттықтырушысының оқушыларына көрсеткен ерсі қылығы видеоға түсіп қалды. Бапкер көпшілік алдында кешірім сұрап, қыздың анасы кешірім берген еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр