Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бір отбасының төрт мүшесі газға уланып қайтыс болды

Фото: Видеодан скрин

Алматы облысы Райымбек ауданының Сарыбастау ауылында бір отбасының төрт мүшесі қайғылы жағдайда қаза тапты. Мәліметке сәйкес, апатқа көміртегі тотығымен улану себеп болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qonaev Media News арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы жағдайда қаза болғандар: 1955 және 1974 жылдары туған екі ер адам, 1984 жылы туған әйел және бір жарым жастағы нәресте бар. Отбасы қыстауда тұрып жатқан. Туыстары екі күн бойы жақындарымен байланысқа шыға алмай, үйді тексеруге барған. Сол кезде отбасы мүшелерінің қаза тапқанын білген. Оқиға туралы аудандық полиция бөліміне хабарланды. Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Ал құзыретті органдар тергеу жүргізіп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.


"Екі бала жансақтау бөлімінде": Алматыда пойызда түсірілім кезінде 50-ден астам адам газдан уланып қалды


Түркістан облысында газ жарылысынан ауыр күйік алған әйел көз жұмды: Марқұмның туыстары кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті


“Туысымыз соңғы рет ауылда 30 қаңтарда болды. Сол күні көлікке жанармай құйғанын айтты. 31 қаңтар күні олардың бірінің туған күні болды. Сол кеште пеш жаққан кезде көмір сәл дымқыл болып, пеш дұрыс жанбай қалған сияқты. Соның салдарынан үйдің ішін түтін басқан болуы мүмкін. Ал олардың денесін тапқан кезде үйдің ішінде қатты түтін иісі сезілді”, – дейді Сарыбастау тұрғыны Ерқанат Ақылдосов.

Айта кетейік, бұған дейін 28 желтоқсан күні шамамен сағат 13:40-та Атырау облысы Томарлы ауылында үш адам газдан уланып көз жұмғаны туралы жазған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Бейсенбі, 05 Ақпан, 2026 13:12