Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бір отбасы мінген көлік қар құрсауында қалып қойды

Алматы облысында бір отбасы мінген көлік қар құрсауында қалып қойдыФото: ТЖМ

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында тауда төрт адамнан тұратын отбасы жоғалып кетіп, Ассы жайлауынан табылды. Олар мінген көлік қар құрсауында қалып қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, екі ересек және екі бала Шонжы маңындағы демалыс аймағынан Алматыға қарай көлікпен шығып, кейін байланысқа шықпай қалған. Іздестіру жұмыстарына Алматы облысының құтқарушылары мен “Барыс” жасағының қызметкерлері жіберілген.

Отағасының телефоны өшіп тұрғандықтан және таудағы қолайсыз ауа райының салдарынан іздестіру жұмыстары қиынға соқты. Жоғалғандар шамамен таңғы 5:00-де Ассы жайлауы маңынан, Бартоғай су қоймасына жақын жерде табылды. Олардың көлігі қар астында қалып қойған.

Ересектер мен балаларға медициналық көмек қажет еместігіне көз жеткізгеннен кейін, құтқарушылар көлікті тазартылған жолға шығарды.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 24 Наурыз, 2026 17:14