Алматы облысында Беларусь пойызының вагондары рельстен шығып кетті
Алматы облысында Беларусьтен келе жатқан пойыздың төрт вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы “Қазақстан темір жолы” ресми сайтында мәлімдеді.
"Қопа станциясында контейнерлері бар төрт вагон рельстен шығып кетті. Пойыз Беларусьтен Алтынкөл станциясына қарай келе жатқан", – делінген хабарламада.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқиға пойыздар қозғалысына әсер етпеген. ҚТЖ-да апаттың себептерін анықтау үшін комиссия құрылды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”