Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бастығының көлігін екі рет тонап кеткен ұрлықшы видеоға түсіп қалды

Алматы облысында автокөлік ұрлықшысы бастығының машинасының салонынан екі рет ұрлық жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция назарына бейнебақылау камерасы түсірген қылмыстық эпизодтардың бірі ілінді. Ұрлық Балпық би ауылындағы сауда орталығының жанында бір күн аралықпен болған.

"Жақында бізге кезекші бөлімге Балпық би ауылындағы сауда үйлерінің бірінен тұраққа қойылған Lexus маркалы автокөлігінің салонынан ақша ұрлаған белгісіз тұлғаларға қатысты шара қолдану туралы жазбаша өтінішпен 28 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Келесі күні сол азамат сол жерде тағы да 2000 АҚШ долларын ұрлағаны туралы арызданған", – деді Көксу аудандық полиция бөлімінің бастығы Рамиль Гимадиев.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тергеушілер сауда үйінде жәбірленушінің көмекшісі болып жұмыс істеген Талдықорған қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған күдіктіден ұрланған соманың бір бөлігі ғана тәркіленді, ал қалған ақшасын күдікті жұмсап үлгерген.

"Бейнежазбамен және басқа да дәлелді дәлелдемелермен әшкереленген күдікті ұрлық жасағанын мойындады, ақшаны көлікте сақтайтыны туралы білгенін және ақшаға мұқтаж болғандықтан, ол дүкеннің терезесінде машинаның кілттерін қалдырған иесінің сенімін пайдаланып, екі рет ірі соманы ұрлаған", – деді Рамиль Гимадиев.

STAN.KZ
Жұма, 28 Тамыз, 2020 12:30
Талқылау