Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әйелді даладағы дәретхана маңында зорлап, тонап кеткен

Алматы облысында 39 жастағы әйелді зорлап, тонау мақсатында шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дәретхана

Наурыз айының басында Жамбыл облысының тәртіп сақшыларына зорлау дерегі бойынша арыз түскен. Зорлық құрбаны 39 жастағы әйел бейтаныс жігіт сырттағы дәретхана маңында күтіп шабуыл жасағанын түсіндірді.

Полиция қылмыскердің қымбат телефон ұрлағанын да анықтады. Жәбірленуші күдіктінің сыртқы түрін сипаттап, оған сәйкес идентификация жасалды. Нәтижесінде олар арнайы мәліметтер базасының көмегімен күдіктіні анықтап үлгерді. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған азамат болып шықты.

"33 жастағы ер адам – Алакөл ауданының тумасы, бұрын ұрлық және қарақшылық жасағаны үшін үш рет сотталған. Соңғы уақыттары ол Алматы қаласының маңында тұрған. Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің тұрғылықты мекенжайын анықтадық. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Күдіктілерді шақырту кезінде жәбірленуші оған шабуыл жасаған ер адамды анықтады. Ол өзі ұрлаған телефонды иесіне қайтарған", –  деді Жамбыл аудандық полициясы бастығының орынбасары Айдын Жексенбаев.

Күдікті Қылмыстық кодекстің 120-бабы “Зорлау” және 191-бабы “Тонау” бойынша айыпталып жатыр. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Талқылау