Алматы облысында әйел көпірден секірмекші болды (видео)
Алматы облысында әйел көпірден секірмекші болған. Оның бұл әрекеті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы облыстық ПД басшысы Серік Құдебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
9 қыркүйекте сағат 5-тен өте "Назар аударыңыз, балалар!" шарасы аясында Қаскелең қаласындағы "Жер-Ана" базарына іргелес учаскені патрульдеу кезінде патрульдік полиция ротасының командирі мен ӨКП қызметінің инспекторы полиция аға лейтенанты Қаскелең өзенінің бойында көпірден суицид жасап жатқан әйелді көріп қалған. Қыз қолын қоршаудан шығарып, төмен секіргісі келіп тұрған. Полиция оның әрекетін алдын алды.
Қаскеленнің 36 жастағы тұрғынының сөзінше, мас күйде болған. Суицидке бармақ болу себебін әйел түсіндірмеген.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген профилактикалық әңгімеден соң ол үйіне қайтарылған.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді