Алматы облысында автобус жолаушыларын апаттан құтқарған мектеп оқушысы марапатталды
Алматы облысында автобус жолаушыларын құтқарған мектеп оқушысы марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Алматы облысының әкімдігі
Күні кеше 14 жастағы мектеп оқушысы жүргізушісі есінен танып, жолдың шетіне шығып кеткен автобусты өз күшімен тоқтатып үлгерген. Сегізінші сынып оқушысы Ақжол Геройды Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ерлігі үшін марапаттады. Оған алғыс хат пен iPhone 15 телефонын сыйға тартты.
"Мұндай әрекеттер ерекше алғыс пен құрметке лайық. Біз барша жастарға үлгі болуға тиіс өңіріміздің жас батырын мақтан тұтамыз", – деді Алматы облысының әкімі.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында мектеп оқушысы автобус жолаушыларын апаттан құтқарып қалғаны және Жолаушылар автобусын тоқтатқан оқушы оқиғаны баяндап бергені туралы жазған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”