Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында аурухана басшысы мен есепшісі 2,1 миллиард теңгеден аса қаржы ұрлаған

Алматы облысындағы медициналық орталықтың басшысы мен есепшісі 2,1 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҚМА / видеодан скриншот

“Алматы облысындағы аурухананы басқарған компанияның басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды көрінеу жалған сатып алған. ҚМА аумақтық Департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізуде”,- делінген хабарламда.

Медициналық мекеме 2020 жылдың қазан айында сенімгерлік басқаруға берілген. 

“2020-2022 жылдар аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған. Басшы мен есепшіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр”,- деп мәлімдеді қаржы мониторингі агенттігі.

Қаржы мониторингі агентігі өкілдері қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.

 

Талқылау