Алматы облысында ауыл тұрғындары су берілуін талап етіп, наразылық білдірді
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылының тұрғындары ауылға су үзілістермен берілуіне байланысты наразылық шеруіне шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Түрғындар наразылық акциясына шықты, видеодан скриншот
Тұрғындардың айтуынша, бұл мәселе ауылда бірнеше жылдан бері өзекті болып келеді. Айтуларынша, мердігер компания суды тұрақты түрде бермейді.
Қарасай ауданының әкімдігі жағдайға қатысты былай дейді.
"Халықтың талабы – аталған мекеменің орнын басқа мекемемен ауыстыру. Қазіргі уақытта компания суды кестеге сай береді. ЖШС басшылығы су берудегі үзілістерді жазғы кезеңде су тұтынудың артқанымен түсіндірді.
Сондықтан суды толық бере алмайды, кесте бойынша ғана береді, күн сайын бірнеше сағатқа өшіреді. Бұл туралы тұрғындарға Іргелі ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Терлікбаев түсіндірді", – деді аудан әкімдігінде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”