AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында атқа мінген адам той үстінде оқ атқан

Алматы облысында үйлену тойына қатысушылардың бірі той кезінде аспанға оқ атқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода Қазақстан мен Түркияның тулары ілінген көліктердің жеке үйлердің біріне қарай сигнал беріп келе жатқанын көруге болады. Көшеде оларды әйелдер билеп қарсы алған. 

Видеода шетелдік көліктердің бірінің артында ұлттық киім киген атты шабандоз көзге түседі. Ол тапаншаға ұқсайтын қаруымен аспанға оқ атқан. 

 Алматы облысы полицейлерінің мәліметінше, бейнежазба биыл 22 наурызда Талғар ауданындағы тойлардың бірінде түсірілген. Аспанға оқ атқан 22 жастағы тұрғын болып шықты. 

"Құқық бұзушы пайдаланған МР-371 алау тапаншасы тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Ұсталған азамат ӘҚБтК-нің 436-бабы газды, пневматикалық, электрлік атыс қаруын қолдану бойынша жауапкершілікке тартылады”, –  деп хабарлады Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ неке қию рәсіміне қатысқан көлік жүргізушілеріне қатысты әкімшілік заңнамаға сәйкес бес хаттама жасалынғаны хабарланды.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр