Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар жетім қызды қорлаған жасөспірімдерді мектептен қууды талап етті

Алматы облысында ата-аналар жетім қызды қорлаған жасөспірімдерді мектептен қууды талап етті

Фото: Видеодан скрин/ Ата-аналар

Алматы облысы, Қарғалы ауылының ата-аналары мектеп оқушыларының азғындық әрекетін айтып, дабыл қақты. 8 жасөспірім 7-сынып оқитын жетім қызды үйлеріне кіргізіп, шалбарын түгел шешіп қорлаған. Озбырлыққа барғандардың арасында бойжеткендер де, тіпті 9 жасар бала да жүрген дейді ата-аналар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ата-аналар жасөспірімдер қызды қорлап жатқанда болған жағдайды әлдекімнің телефонға түсіріп тұрғанына сенімді. Олар жасөспірімдердің жазаланып, мектептен қуылуын талап етіп отыр.

“Жалаңаш қыздың үстіне бірінші сонда жүрген тағы бір қыз мінеді. Ол түскен соң орнына 9 жастағы ер бала бұтын шешіп, жәбірленушінің үстіне шығып алады. Зорлаған-зорламағаны белгісіз, видеода көрінбейді. Бұл сұмдықтың бәрін бір қыз түсіріп, кейін оны әлеуметтік желіде бәзбіреуге сатқан”, – дейді ата-аналардың бірі Кристин Олшевская.

Тағы бір ата-ана түсірілген видеоны Ресейден келген адамға сатқан және видеоны қыз тапсырыспен түсіргенін айтады.

“Шамамен 45 мың теңге жиналған. Ол қыз менің ұлымды "Ұстаздар күніне сыйлық аламыз" деп алдап, ақшаның бәрін соның нөміріне аудартыпты. Бұл озбырлыққа барған оқушылар біздің де балаларға қауіпті”, – дейді ата-ана Зайнура Баратова.

Ата-аналар жетім қызға қорлық көрсеткен жеткіншектерді басқа мектепке ауыстыруды талап етеді. Тіпті ауылдан көшсін дейді. Ал жәбірленушінің қамқоршысы бой көрсетпеді. Айта кетсек, қыркүйекте болған сұмдықты мектеп жуырда білген. Жағаұстатарлық жағдай полицияға екі күн бұрын ғана хабарланыпты.

“Жауапкершіліктен ешқандай бас тартпаймыз. Бірақ бұл оқиға қараусыздықтан болған деп есептейміз. Ешқандай жасыру, басқа ештеңе жасаған жоқпын. Енді құзырлы органдар әділетті шешім шығарады деп сенемін”, – дейді №3 Қарғалы орта мектебінің директоры Гүлзара Сераджинова.


Қырғызстанда жасөспірім қызды өлтірді деп айыпталған ер адам тағы 7 қылмысқа қатысы бар деп айыпталды


Оралда 10 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды


Жеткіншектердің азғындығына қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Директордың сөзіне сенсек, қорлық көрген қызға сараптама тағайындалған. Қазір анықтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева осы іс бойынша жеті жасөспірім күдікті ретінде анықталғанын мәлімдеді.

"Алматы облысында кәмелетке толмаған қызға жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттеріне қатысты сұрақтар көбейіп жатыр. Қазір жеті кәмелетке толмаған күдікті анықталды. Тергеу жүріп жатыр", – делінген Закиеваның хабарламасында.

Айтуынша, дүйсенбіден бастап оқиға орнына балалар құқықтары жөніндегі аймақтық уәкіл мен психологиялық қолдау орталығының мамандары тартылған.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында жасөспірімдер мектеп оқушысын қорлап, оны видеоға түсіргені туралы жазған едік. 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 16 Қазан, 2025 08:30
Талқылау