Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 89 жастағы қарт адам коронавирустан айығып шықты

Алматы облысында коронавирустан 89 жастағы қарт адам емделіп шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1931 жылғы Кеген ауданының тұрғыны Күмісхан Оразақынова Шелек ауылындағы аудандық ауруханада 4 мамырдан бастап емделген. Емхананың бас дәрігері Гүлнар Кураметованың айтуынша, науқас ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауыр болған.

"Ауруханаға түскен кезде науқастың жас ерекшелігін ескере отырып, бірден реанимация бөліміне жатқыздық. Өйткені қан қысымының жоғары болуы басқа да ауруларды асқындыруы мүмкін. Сондықтан қатаң бақылауда ұстадық. Бүгін науқас коронавирустан толықтай емделді", - деді бас дәрігер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр