Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалған

Жетісу облысы Панфилов ауданында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалған. Қазір күдікті қамауда отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

оқушы

Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның сөзінше, мектеп әкімшілігі бұл деректі жылы жауып қоймақ болған.

"Әскери бөлім қызметкері күдікке ілінді. Кеңес одағы кезінде мұндай үшін мектеп директорын түрмеге қамап, аудан меңгерушісін жұмыстан шығаратын. Сонымен қатар партия билетінен айрылады. Ал бізде шенеуніктер істі жылы жапқысы келіп отыр", – деп жазды журналист. 

Аудандық білім бөлімі кәмелетке толмаған қатысты қылмыстық іс туралы 2022 жылдың 15 желтоқсанында белгілі болғанын мәлімдеді. Қазір күдікті қамауға алынған. 

"Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу аяқталған соң жауапты тұлғаларға қатысты шара қабылданады. Бұл мәселе аудандық білім бөлімінің айрықша бақылауында", – делінген хабарламада.

Талқылау