Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 6 баланың анасы өзін өртеп жібермек болды (видео)

Видеодан скрин

Алматы облысында көпбалалы ана өзін өртеп жібермек болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға Қарасай ауданы әкімдігінің алдында болған. Желіде әйелдің өзін өртемек болған сәті түсірілген видео тарады. Кадрлардан әйелдің өзін өртеу үшін әкімдік алдына бензин құйылған құты алып келгенін көруге болады. Әкімдік қызметкерлері әйелдің бензинді алып үлгерген. 


Таразда әкімнің қабылдауынан шыққан тұрғын өз-өзін өртеп жібермек болды (видео)

"Марқұмның артында 6 баласы мен аяғы ауыр әйелі қалды": Маңғыстау әкімі өзін өртеп жіберген азаматпен не үшін кездеспегенін түсіндірді


Әйелдің айтуынша, ол Алтын ауыл ықшам ауданындағы бөліп төлеу арқылы алған үйінен 6 баласымен қуылып жатқан көрінеді. 

6 баланың анасы қарызынан құтылған, қолында барлық құжаты бар. Алайда үй иесі қулыққа барып, пәтерді банктен кепілден шығармай отырған көрінеді. Әйел видеода пәтер үшін 35 миллион теңге төлегенін айтады.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанайда ер адам көлік ішінде өзін өртеп жібергені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 19 Тамыз, 2025 20:46
Талқылау