Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 53 жастағы көршісінен жүкті болған оқушы сәбиін дүниеге әкелді

Алматы облысында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Баланың әкесі 53 жастағы көршісі екені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бұған дейін баланың әкесі 53 жастағы көршісі болуы мүмкін деген болжам айтылған. Жақында күдіктіден ДНК сынамасы алынды. Оның нәтижесі бойынша, сәбидің әкесі 53 жастағы Адал есімді көршісі болып шықты.

"14 ақпан 2023 жылы кәмелет жасқа толмаған қыз босанды. Жаңа туған сәбиден биологиялық материалдар алынып, генетикалық сараптама тағайындалды. Аталған сараптаманың қорытындысына сәйкес, 99 пайыз баланың әкесі болып, бұрын күдікті деп танылған 1969  жылғы Междуреченск ауылының азаматы болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Сәбидің әкесі қамауға алынды", – деді Алматы облысы, Іле ауданына қарасты тергеу басқармасының бастығы Дастан Таңқақов.

15 жастағы қыздың анасының айтуынша, бойжеткен аман-есен босанған. Дүниеге қыз бала келген. Есімін Ботагөз деп қойыпты. 

Талқылау