Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адам болмайсың деді": Алматы облысында 45 жастағы әйел емші мен оның қызын өлтіргенін айтты

Алматы облысында кісі өлтіру ісі анықталды. Жеке үйдің ауласынан екі әйелдің денесі табылды. 45 жастағы әйел өз туысы мен оның қызын пышақтап өлтірді деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды КТК

Алматы облысында 45 жастағы әйел адам болмайтынын айтқан емші мен қызын өлтіріп тастады

Тергеу нәтижесінде 45 жастағы әйел күдікті ретінде ұсталды. Ол марқұмдардың туысы болып шықты. Марқұм болған әйел емшілікпен айналысқан. Оған ауыл тұрғындары емделуге барып жүрген. Күдікті де емшіге емделу мақсатында барыпты. 

Екі әйелдің өлі денесін көрген жергілікті тұрғындар дереу жедел жәрдем мен  полиция шақырады.

"Қылмыс орнына сот-медициналық сарапшылар мен тергеушілер келді. Олар мәйіттерден пышақ жарақатын анықтады. Жұмыс тобы құрылып, "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді тергеуші Дамир Мырқасымов.

Көз жұмғандар 67 жастағы әйел меноның 44 жастағы қызы. Олардың бірі емшілік жоралғылармен айналысқан. Күдікті бас ауыруын емду үшін осы емшіге барыпты. Алайда емшінің оған айтқаны ұнамай қалса керек. 

"Мені қарады да, адам болмайсың деді. Психикаң бұзылған деді. Ашулықпен не істегенімді білмеймін", - деді күдікті жауабында. 

Күдікті психикалық аурумен ауырады. Ол қылмыстан соң ауыл сыртына қашып кеткен.

"Күдіктемен сөйлесу өте қиын. Көптеген сұрақтар бойынша ол нақты жауап бере алмайды, өлтірудің нақты себебін атай алмайды. Бірақ ол бұл қылмысын мойындады. Ол туыстарын өлтіргісі келмегенін айтты", - деді тергеуші. 

Тергеу шаралары әлі аяқталған жоқ. Іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалды. Екі адам өлтіру ісі бойынша тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды.

Талқылау