AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 17 жастағы жасөспірімді пышақтап кетті

Алматы облысында төбелес кезінде 17 жастағы жасөспірімді пышақтап кетті. Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шамалған ауылының тумасы 30 маусымда "Восточная сказка" отбасылық демалыс аймағында даяршы болып жұмыс істеген. Кәмелетке толмаған балаға 35-40 жастағы бір топ адам шабуыл жасаған. 

Алматы облысы полиция департаменті оқиғаның Қарасай ауданында болғанын айтты.

"30 маусымда Қарасай ауданы учаскелік полиция бөліміне Алматы-Жандосов автомобиль жолының 31-шақырымында орналасқан "Восточная сказка" демалыс аумағындағы төбелес кезінде 2004 жылғы кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімнің құрсақ қуысына пышақ сұғылып, терең жарақат алғаны жайлы хабарлама түсті. Жігітке үш жерінен пышақ сұғылыпты. Нәтижесінде ол Қаскелең аудандық орталық ауруханасына жеткізілді", – деді баспасөз-қызметіндегілер.

Сонымен қатар ведомстводағылар дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қылмыстық кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сот алды тергеу басталғанын айтты.

"Қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазір істі жан-жақты қарастыру үшін тергеу жұмыстары жүріп жатыр", – деді полиция өкілдері. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр