Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 15 жастағы екі қызды күштеп тұрмысқа бермек болған: Полиция тексеру жүргізді

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылында ата-анасы кәмелетке толмаған 15 жастағы екі қызды мәжбүрлі түрде тұрмысқа бермек болған деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ауыл тұрғындары “Немолчи” қорына шағымданған. 

“Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылында екі 15 жастағы қызды тұрмысқа берейін деп жатыр. Екеуіне де құда түсіп қойған. Біреуін жақын арада алып кетеді. Барлығы бұл жайлы білсе де үндемей отыр. Бір қызға молданың отбасы құда түскен. Беделді отбасы болғаннан кейін қыздың ата-анасы қарсы келе алмапты. Қыз жылап жүр. Ал екіншісі ажырасқан еркекке тұрмысқа шықпақ. Құда түскеннен кейін бір жылдан кейін үйлендіреміз депті. Бірақ бір күннен кейін алып кетіпті”, – деп жазды тұрғындардың бірі. 

Оқиға жайлы Алматы облысы Қарасай аудандық білім бөлімінің өкілдері пікір білдірді. 

“Аудандық білім бөлімі мен мектептің өкілдері қыздардың ата-анасымен кездесті. Олар мектепте білім алуын жалғастырады”, – деп мәлімдеді білім бөлімдерінің өкілдері. 

Оқиғаға қатысты облыстық полиция басқармасы түсінік берді. 

“Әлеуметтік желілерде жарияланған "NeMolchiKZ" қоғамдық қорының 15 жастағы қыздарды тұрмысқа беру туралы ақпаратына сәйкес, Қарасай аудандық біртұтас кәсіпорын қызметкерлері тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша ауылдың 16 жастағы тұрғыны өз еркімен тұрмысқа шыққаны анықталды. Олар некелерін АХАЖ бөлімінде тіркеуді жоспарлап отыр. Осы жағдайларға қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға байланысты, осы қыздың ата-анасына қатысты әкімшілік материал жасалды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127 "Кәмелетке толмағандардың тәрбиесі және  білімі, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттемелерді орындамауы", ол ҚР Әкімшілігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілді”, – деп мәлімдеді облыстық полиция басқармасы. 

Екінші қыздың да кім екені анықталған. Алайда ата-анасы қызын тұрмысқа бермейміз деп сендірді. 

“Қабылданған шаралар барысында сол ауылдың 15 жастағы тұрғыны, екінші қыздың жеке басы анықталды. Алайда оның тұрмысқа шығуы туралы ақпарат расталған жоқ. 15 жастағы қыз тексеру кезінде үйде болған, ал ата-анасы оны үйлендірмейміз деп сендірген. Жасөспірімнің ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, сонымен қатар қылмыстық, әкімшілік заңнаманың және "Неке және отбасы туралы" заңның талаптары түсіндірілді”, – деп мәлімдеді полиция басқармасы. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 26 Тамыз, 2021 09:01
Талқылау