Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шампур тығып алған: Алматы облысында 11-сынып оқушысы мектеп бітіру кешінде құрдасын өлтірді деп айыпталды

Фото: Криминальный Казахстан

Алматы облысында мектеп оқушысын құрдасы өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық полицияның мәліметінше, бала 11-сынып оқыған. 

Қаскелеңде түлектер мектеп бітіруін атап өтпек болып, кеш ұйымдастырған. Кеш үшін ата-аналары оларға коттедж жалдап берген.

"Отырыс кезінде сыныптастар арасында жанжал туындап, сол кезде біреуі екіншісіне сол жақ кеуде тұсына кәуап пісіретін шампур тығып алған. Жәбірленуші сол жерде қаза тапты", – делінген полиция есебінде.

Сыныптасын өлтірген оқушы бірден ұсталды.

”Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жасөспірімнің заңды өкілдері бала тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінегн хабарламада. 

Полиция білім басқармасына өз құзыреті шегінде шаралар қабылдау үшін тиісті ұсыныс жолдады.

"Қазір қылмыстық істің барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Департамент.

Айым Болатқызы
Сенбі, 24 Мамыр, 2025 15:10
Талқылау