Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 10-сыныптың оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Алматы облысында мектеп оқушысы суицид жасап, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жасөспірім Талғар ауданына қарасты Жалғамыс ауылдық орта  мектебінде оқыған. 10-сыныпта оқыған қыздың оқыс қадамға баруына не себеп болғаны белгісіз. Министрлікте те, білім басқармасы да  оқушының өлімін растағанымен, қайғылы жағдайдың себебін айтудан бас тартты. Ауыл тұрғындарының айтуынша,  қайғылы жағдай мектеп маңында болған.

"Жалғамыс ауылында 2022 жылдың 15 қазанында оқушы суицид  жасаған. Қайғылы оқиға сабақтан тыс уақытта болған. Көз жұмған оқушының отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Білім басқармасы қажетті көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізуде", – деді Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Талқылау