Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Алматы облысы Іле ауданының экс-әкіміне жеті бап бойынша іс қозғалды

Фото: Bagdat Karasaev Facebook-парақшасы

Алматы облысы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа Қылмыстық кодексінің жеті бабы бойынша айып тағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Экс-әкім Бағдат Қарасаевтың қылмыстық ісі сотқа жіберілді. Ол Қылмыстық кодекстің жеті бабы бойынша қаралады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Б.А.Қарасаевқа және басқа да тұлғаларға қатысты келесі баптар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтағанын мәлімдеді. Оларға мына баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды: 



  • 189-бап (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу);
  • 190-бап (Алаяқтық);
  • 324-бап (Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу);
  • 361-бап (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану);
  • 362-бап (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану);
  • 364-бап (Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу);
  • 369-бабы ( Қызметтiк жалғандық жасау); 

Қадағалау органының хабарлауынша, қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін 31 наурызда  Алматы облысының Іле аудандық сотына жіберілді.

"Қарасаев Б.А-ға қатысты қылмыстық қудалау органы бұрын "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған еді", – делінген прокуратура хабарламасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталғаны туралы жазылған еді. Кейіннен Іле ауданындағы қоқыс полигонын тексеру кезінде әкім сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінгені айтылған. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 23 Сәуір, 2025 11:02
Талқылау