Алматы облысында аграрлық-өнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялауға 28,3 миллиард теңге бөлінді
2023 жылы аграрлық-өнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялауға 28,3 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, тұқым шаруашылығын субсидиялауға – 617 миллион теңге, басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға – 736 миллион теңге, пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға – 241,8 миллион теңге, тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға – 991,8 миллион теңге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға 750 миллион теңге, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге 4,74 миллиард теңге, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға 15 миллиард теңге, ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 4,7 миллиард теңге, қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін терең өңдеу өндірісі үшін оны сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялауға 532,9 миллион теңге бөлінген.
2022 жылы жалпы сомасы 79,5 миллард теңгеге 22 инвестициялық жоба іске асырылды, 2023 жылға 70,9 млрд. теңгеге 8 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда (жылыжай құрылысы - 3 жоба, көкөніс қоймасы - 1 жоба, бордақылау алаңы - 1 жоба, ет өңдеу – 1 жоба, құс фабрикасы -1 жоба, форель шаруашылығы - 1 жоба).
Сонымен қатар "Ауыл Аманаты" бағдарламасы бойынша шеңберінде 2023 жылға республикалық бюджеттен 8,3 миллиард теңге бөлінді.
"Ауыл Аманаты" жобасына облыстың барлық 133 ауылдық округі қатысады.