Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түтін шыққан: Алматы метросында төтенше жағдай орын алды (видео)

Видеодан скрин

Алматы метросында түтін мен күйік иісіне байланысты пойыз сапары тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігің мәліметінше, метрополитен диспетчерінен “Абай” метро станциясында қысқа тұйықталу орын алғаны туралы қоңырау түскен.

“Оқиға орнына жедел түрде ТЖД-ның күштері мен құралдары жіберілді. Тексеру барысында ашық жану белгілері анықталған жоқ. Метрополитеннің мәліметінше, машинист жылжымалы құрамды тоқтатып, жолаушыларды түсіріп тиісті шараларды қабылдаған. Құрам тексеру жүргізу үшін депоға жөнелтілді”, – делінген хабарламада.

Оқиғаға қатысты Алматы әкімдігі де мәлімдеме жасап, пойыздың тексеруге жіберілгенін, метроның штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Еске салсақ, осыған дейін Алматы метросында жолаушылар арасында төбелес болғанын жазғанбыз. Куәгерлердің айтуынша, жанжал бір ер адамның рюкзагын шешу туралы өтінішінен басталған. Алайда жолаушы бұл өтініштен бас тартқан, содан кейін сөз таласы басталып, арты төбелеске ұласқан. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 24 Желтоқсан, 2025 21:11