Алматы метросында пойыз тоқтап қалды (видео)
Алмалы мен Абай станциялары арасындағы туннельде пойыз 15 минутқа тоқтап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Метро жолаушылары пойыз ішінде түсірілген видеомен бөлісті. Оқиғадан кейін "Метрополитен" КМК баспасөз қызметі пікір білдірді.
"Пойыз техникалық себептермен Алмалы мен Абай станциялары арасындағы туннельде тоқтап қалды. Қазіргі уақытта нақты себептері анықталып жатыр. Қосымша ақпарат берілетін болады. Пойыздар кестесі қалпына келтірілуде", - деп хабарлады "Метрополитен" КМК баспасөз қызметінен.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”