AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы мешіттерінде 100-ден аса адамға ауызашар қалай беріліп жатыр?

Қасиетті Рамазан айында мешіттерде ұйымдастырылатын тегін ауызашарадан кез келген қазақстандық дәм тата алады. Мұндай игі іс мешіт қызметкерлері мен қайырымды жандар тарапынан жүзеге асуда. Мұсылмандар үшін сауапты іске кез келген азамат атсалыса алады. Stan.kz редакциясы Алматы қаласындағы ірі мешіттердің бірі – Абдулла мешітіне барып, қатымхана дастарханынан ауыз ашып қайтты.

Алланың үйінде жайылған дастарханнан ауыз ашуға ниет еткендер арасында ер адамдардың қарасы көп. Әйелдер мен балалар да бар. 

Абдулла мешіті 2020 жылдың 25 қыркүйек күні ашылып, қазіргі таңда 2 жылға жуық келушілерінің ғибадат орнына айналған.

“Ашылған сәтте еліміздегі коронавирусқа қатысты шектеулерге байланысты 1-2 жыл жұмыс істемей, енді-енді мешіт есіктері айқара ашылып жамағатқа толыққанды қызмет жасап жатыр. Биыл, мешіттің ұжымы мен жамағаты болып өлім-жітімнен аман, аспанымыз ашық, ел іргесі берік болсыншы деп, дұға жасап жатқан жағдайымыз бар”, – дейді Абдулла мешітінің бас имамы Тыныштық Мырзаев.

Алматыдағы ең ұзын аспалы шам

Оның сөзінше, ораза басталғалы мешіт жанындағы 200 кісілік асхана (діни терминмен айтқанда – қатымхана, онда тек діни рәсімдер өтеді) бір күн болсын бос болмаған. Күнде ауызашар өтеді.

“Жартылай мешіт, жартылай демеушілеріміз, кәсіпкерлеріміз ауызашарды ұйымдастырады. Мысалы, бүгін мектеп ұстаздары қаржылай демеушілік жасап жатыр. Асхана қызметкерлері, аспаздардың барлығы қатаң тексеруден өткен, намазын қатар ұштастыра білетін сауатты адамдар. Демеуші болатын адамдар қосымша азық-түліктерін алып келеді. Ал біз өз кезегінде керегін дайындап береміз”, – дейді бас имам.

Бұл жолы ауызашарды мешітпен бірлесіп, Абай атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мектеп ұжымы ұйымдастырыпты. Жиналғандар қарасы көп. 100-ден аса адам көрінеді.

“Құран айы, берекет айы, кешірім айы, мың айдан да артық болған Рамазан айында ораза ұстаушыларға біздің берген ауызашарымыз болсын, осы айдың сауабынан қалыс қалмайық деп ниет еткен мектеп ұжымының ниеті қабыл болсын ағайын! Мешіт жамағаты "Алла, осы ұжымға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін" деп дұға жасаймыз.

“Елдігімізге, Отанымызға үлес қосып, біздің шәкірттерімізді, жас ұрпақты білім нәрімен сусындата беріңіздер!” – деп дұға жасады имам ауызашар беріп жатқан ұжымға.

Жалпы оразаны ұстаушы адамның басты ерекшелігі сабырлы болуында, дейді Тыныштық Мырзаев. 

Абдулла мешітінің бас имамы Тыныштық Мырзаев

“Ораза – "руза" деген парсы тілінен алынған сөз. Арабшасы "Сиям немесе Сауым" деп те аталады. Ораза дегеніміз – таңның атысынан күннің батуына дейінгі аралықта жеп-ішуден, нәпсіні жүгендеп ұстай білу, тыйылу. Ораза ұстаған адамнан шыдамдылықтың иісі шығып тұруы қажет. Оразаны ұстап жүріп басқа адамдармен қақтығысып, жаға жыртысып жүру дұрыс емес.

Сондай-ақ ғайбат айтып, жалған сөйлеуге де жол жоқ. Бір нәрсені естен шығармау керек, яғни ол оразаның басты шарты – сабырлы болу. Біреу сіздің мазаңызды алып, тиісіп жатқан күнде де жанжалдан, ұрыстан қашыңыз, бойыңызды аулақ ұстаңыз”, – дейді имам. 

Кешкі сағат 7-де мешіт жанындағы қатымханаға жұрт ақырындап жинала бастайды.

қатымхана

Тыныштық Мырзаевтың сөзінше, көп адам ораза айында сауап алуға ұмтылады.

“Бүгін ораза ұстаған 100-ден аса жамағат қауымға ауызашар берілді. Бізге келген адамдардың қадамына мұқтажбыз. "Рахман, баракат, мың-мың берекетті әкеліп ауыз ашқан адамдар ораза аштырған азаматтарға сауабын тастап кетеді екен. Оразада берілген ауызашар басқа айларға қарағанда 10 қысса, 100 қысса, 1000 қысса артық сауабы бар. Сол үшін де қасиетті осы айда адам адамзаттың халінен хабар алуы керек”, – дейді тыныштық Мырзаев оразаның сауабы жайлы.

Мешіт ішіндегі медресе

Имам адам баласы өмірге келгеннен кейін тек бұл айда ғана емес, жан-жағына шуағын шашып, көп жәрдем беруге ұмтылуы қажет екенін алға тартады.

“Көзімізбен көріп жүрген жоқ-жітік, кемтар, мұқтаж, мүмкіндігі жоқ, тіленші адамдардың жағдайын біліп, көмек қолын созатын болсақ ең үлкен сауапты іс осы жерде болмақ”, – деп қосты Тыныштық Мырзаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр