Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Қытай сейсмикалық қауіпсіздік бойынша бірлесіп жұмыс істейтін болды

Алматы қаласы сейсмикалық қауіпсіздік бойынша Қытаймен ынтымақтастық орнатты. Енді зілзала туралы алдын-ала ақпарат беретін станциялар саны көбейіп, қытайлық мамандар тәжірибесін бөліседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: STOCK PHOTO/Getty Images

Ерболат Досаевтың Қытайға сапары барысында тараптар еліміздің Ұлттық сейсмобақылау ғылыми орталығы мен China Earthquake Administration геофизика институты арасында келісімге қол қойды. 

"Алматы әкімі Қытайдың жер сілкінісі жөніндегі агенттігіне (China Earthquake Administration, CEA) барды. Қала сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан. Сондықтан қауіпсіздікті арттыру оны дамытудың негізгі міндеттерінің бірі.

Құжат бірлескен сейсмикалық мониторингті және жер сілкінісі туралы ерте ескерту жүйелерін біріктіруді қамтиды. Осының арқасында қазақстандық және қытайлық мамандар нақты уақыт режимінде деректермен жедел алмасуға мүмкіндік алады", – деді әкімдік. 



Сондай-ақ әкімдік қазір жер сілкінісі туралы алдын ала ескертетін 28 станция жұмыс істеп тұрғанын еске салды. Қала билігі мұндай станцияның тағы 70-ін қосуды жоспарлап отыр. Биыл 30 жаңа станция беріледі. 

Талқылау