AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Атырауда екі ресейлік ЖОО филиалдарын ашу жоспарлануда

Алматы мен Атырауда Ресейдің екі университетінің филиалын ашу жобасы талқыға шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алдағы уақытта Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында Ресейдің ұлттық ядорлық зерттеу университетінің ("МИФИ") филиалын, Атыраудағы Өтебаев атындағы мұнай-газ университетінің базасында Ресейдің Губкин атындағы мұнай-газ мемлекеттік университетінің филиалын ашу жоспарлануда. 

Филиалдардың басты қызметі "жоғары және университеттен кейінгі білім беру, ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстармен айналысу" деп көрсетілген.

Жоспарға сай, білім беру Қазақстандағы филиалдарда 2-3 жыл көлемінде жүреді, ал университеттердің Ресейдегі корпусында білім беру 1-2 жыл болады. Оқу процесі кезінде Ресейдегі университеттердің бас корпусындағы оқытушы-профессорлар құрамының 50 пайызы сабақ береді.

Ресей университеттерінің филиалдары мемлекеттік грант, ғылыми жоба, инвестиция, студенттердің оқуға төлейтін ақшасы сияқты көздерден қаржыландырылады.

Екі елдің үкіметтері Қазақстандағы университеттер базасында ресейлік оқу орындарын ашу туралы бес жылдық келісімге биыл ақпанда қол қойған. Бұл келісім бес жылдан кейін ұзаруы мүмкін.

Ресей білім және жоғарғы білім министрлігігінің айтуынша, Ресейдің ұлттық ядорлық зерттеу университетінің ("МИФИ") филиалы екі елдің еңбек нарығына қажетті мамандар дайындамақ. 

11 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде Ресейдің алдыңғы қатарлы техникалық университеттерінің филиалдары ашылатынын мәлімдеді. Ол 2025 жылға қарай Қазақстанда "шетелдік беделді университеттердің кемі бес филиалы ашылуы тиіс" деген. Араға бір апта салып мемлекеттік "Болашақ" стипендиясымен барып оқуға болатын оқу орындарының тізіміне Ресейдің бес университеті енді. Олардың қатарында "МИФИ" бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр