AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы мектептерінде оқушыларға кроссовка киюге тыйым салынбайды - Білім басқармасы

Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Алматы мектептеріндегі оқушылардың формасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

оқушы

Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаевамектеп оқушыларына кроссовка мен мокасин киюге тыйым салынбайтынын мәлімдеді.

"Мектеп формасы стандарттарында аяқ киім көрсетілмеген. Баланың ата-анасының таңдауына байланысты: егер кроссовка ыңғайлы болса, классикалық стильде, мокасин, кроссовка немесе туфли - мұны ата-ананың өзі анықтайды. Аяқкиімге мұндай нақты талап жоқ", – деп түсіндірді Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Жылқыбаеваның айтуынша, оқушылардың мектеп формасы қою көк түсті болуы керек.

"Бірыңғай мектеп формасына қойылатын талап 2016 жылы білім министрінің бұйрығы бойынша бекітілді, мектеп формасына қатысты ұсыныстар пандемияға дейін де болған. Иә, пандемияның екі жылында еркін формаға рұқсат бердік, бірақ биылдан бастап оқу процесі толығымен оффлайн режимде, мектеп формасына қойылатын талаптар орындалады. Алматы қаласында мектеп формасының түсі - қою көк", – дейді басқарма басшысы.

Сондай-ақ ол мектеп басшылығы ата-аналарды белгілі бір өндірушілер мен жеткізушілерден мектеп формасын сатып алуға мәжбүрлеуге құқығы жоқ екенін айтты.

"Яғни егер мектеп формасы ұсынылған бірыңғай стандарт пен түске сәйкес келсе, ата-ананың оны кез келген жерден сатып алуға құқығы бар. Мектептің нақты өндірушіні немесе оқушы киімін жеткізушіні анықтауға құқығы жоқ", – деді Ләззат Жылқыбаева.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр