Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы маңындағы жер сілкінісінен соң үш рет афтершок тіркелген

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматы маңындағы жер сілкінісінен кейін үш рет афтершок тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агеттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Ұлттық ғылым орталығы 5 қарашада сағат 10:01-де Алматы маңында тіркелген жер сілкінісінің дүмпулері туралы айтты.



"Афтершок кері процесс сезілген кезде пайда болады. Оның күші жер сілкінісінің өзінен әлдеқайда аз”, – дейді ғылым орталығы өкілдері. 

Ғалымдар жер асты дүмпулері туралы нақты болжам айта алмайтынын жеткізді. Алайда олар магнитудасы 5,5-тен асатын жойқын жер асты дүмпулері болмайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, 5 қарашада Алматыда тұрғындар жер сілкінісін сезінген еді. Кейіннен Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінгенде ескерту жүйесі неге жұмыс істемегенін мәлімдеді. Сөздерінше, хабарлама келу үшін жер сілкінісі 5,5 балдан жоғары болуы керек. 

Осыдан үш күн бұрын да Алматыдан 258 шақырым жерде жер сілкінген. 

Талқылау