Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы маңындағы жануарларға арналған баспанада иттерге жаппай у берген (видео)

Алматы маңындағы жануарларға арналған баспаналардың бірінде иттердің жаппай улануы орын алды, нәтижесінде сегіз жануар өлді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еріктілер мұны өз Instagram парақшасында айтты.

Еріктілер иттерге у берген адамды тауып, жазалауды талап етеді.

"Қиын жағдай орын алды. Көшеден әкелініп, емделген иттер көп. Олардың барлығының кураторлары бар. Иттердің жеке төлқұжаттары мен чиптері бар. Кеше полиция мен тағы біреу келді. Олар иттерді аулау үшін тапсыруды талап етті. Иттердің барлығы жеке меншікте еді”, – деп жазды зооқорғаушылар.

Сегіз ит уланып, денелері құрысып қалған, қиналып өлді. Бірден учаскелік шақырылды. Жағдай полицияда тіркелді. 

“Қалған иттердің өмірінен қорқамыз. Бұл иттер қаңғыбас аш, суық өмірдің ауыртпалығынан, адамдардың немқұрайлылығынан немесе қатыгездігінен зардап шеккен. Бұл жерде жеке аумақта да оларға қауіп төніп тұр. Бізге көмектесіңіздерші, өтінемін", – деді еріктілер.

Талқылау